АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Еліміздің «Барыс» командасы Құрлықаралық хоккей лигасы аясында елордада Хабаровскінің «Амурын» қабылдап, 3:1 есебімен басым түсті,
деп хабарлады, Vesti.kz.
Осылайша, маусым ішінде 12 ойын өткізіп, оның 5-еуінде жеңіске жеткен «Барыс» 17 ұпай еншілеп отыр. Қазақстандық команда келесі ойынын 6 қазан күні Мытищи қаласында жергілікті «Атланта» клубына қарсы өткізеді. Ойын астана уақыты бойынша 19:00-де басталады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.