Кешегі ойын өте тартысты болды. Ойынның үш кезеңін қарсыластар 5:5 есебімен аяқтады. Бұдан кейін хоккейшілерге овертайм қосымша уақыты берілсе де, олардың мүмкіндіктері тағы да тең түсті. Тек, қосымша уақттан кейінгі буллит тартысында «Барыс» командасы басымдығын көрсетті. Ойын 6:5 есебімен астаналықтардың жеңісімен аяқталды.
«Барыстың» келесі ойыны 19 қаңтарда Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында Мәскеу облысының «Атлант» командасымен болады. ҚХЛ кестесіндегі Батыс конференциясында «Атлант» 70 ұпаймен 5 орында тұр. Ал «Барыс» Шығыс конференциясында 67 ұпаймен 7 орынға тұрақтады.