Кездесудің үш кезеңінің нәтижесі бойынша, яғни негізгі уақытта қос команда да 4:4 есебімен тең түсті. Осыдан кейін тағайындалған қосымша овертаймның соңғы минуттарында астаналықтар шешуші шайбаны салып, 5:4 есебімен команданы алға шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше плей-офф сериясының бірінші ойынында да елордалықтар «Автомобилисті» 3:2 есебімен жеңген болатын.
ҚХЛ аясындағы плей-офф тартысының «Автомобилистке» қарсы 3- және 4- кездесулерін «Барыс» сырт алаңда, яғни Екатеринбор қаласында 11 және 12 наурыз күндері өткізеді. Айта кетейік, астаналықтар қарсыластарын қалған екі ойында қатарынан жеңетін болса, онда олар плей-оффтың келесі кезеңіне өтеді.