НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысының жартылай финалында ойнамайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» жарыстың бұл сатысында Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен кездесетін еді. Ойындар сериясы 17 наурызда басталуы тиіс болатын.
Қазақстан Републикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биылғы жылдың 16 наурызы мен 15 сәурір аралығында ел аумағында төтенше жағдай жарияланды. Онда осы аралықта кез-келген спорттық және бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Осыған байланысты «Барыс» плей-офф сатысына жартылай финалы ойынына қатысудан бас тартты.
Бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі кейінге шегерілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.