АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін сырт айдында «Барыс» Санкт-Петербордың «СКА» командасымен тартысқа түседі.
Атап айтқанда, Құрлықтық хоккей лигасы аясында «СКА» алда келе жатыр. Лиганың Батыс конференциясында ол 85 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші тұр.
Ал «Барыс» 62 ұпаймен Шығыс конференциясында 8 орынға тұрақтады.
ҚХЛ-дің тұрақты чемпионатында қарсыластар 7 рет кездесіп, оның алтауында «СКА» жеңіске жеткен еді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.