НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейде Новосібір қаласының «Сибирь» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын елорда уақытымен сағат 19.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 37 мәрте кездесті. Оның 14-і «Барыстың» жеңісімен аяқталса, қалғанында «Сибирь» жеңіске жетті.
Соңғы ойында «Барыс» елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Аталған кездесуде елордалық клуб сапынан Никита Михайлис 21-минутта есеп ашқанымен одан кейін ресейлік клуб үш шайба соғып кетті.
Ал «Сибирь» Новосібірде 21 қазанда Челябінің «Тракторынан» 3:1 есебімен басым түсті.
«Барыс» 14 ойыннан 16 ұпай жинап, жалпы турнир кестесінде 18-орында келеді. Ал «Сибирь» 20 ойыннан кейін 15 ұпаймен 19-орында тұр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.