АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында Новокузнецк қаласында астаналық «Барыс» «Металлург НК» хоккейшілерімен ойын өткізеді.
ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында қарсыластар 13 мәрте ойын өткізіп, 10 кездесу елордалықтардың жеңісімен аяқталды. Ағымдағы маусымда командалар 3 рет тартысқа түсіп, оның барлығын да «Барыс» хоккейшілері ұтты.
ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында астаналықтар 73 ұпайымен 5 орында, ал Новокузнецк хоккейшілері 58 ұпаймен 10 орында тұрақтады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.