Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталынан хабарлады.
«Барыс» хоккей клубының қазіргі көрсеткіші қуантады. Жалпы чемпионат кестесінде «Динамо», «СКА», «Ақ Барыс» клубтарынан кейін төртінші орында тұр. Жалпы ұпайы 34. Ал «Шығыс» лигасы бойынша екінші орында келе жатыр. Алдында тек қазандық «Ақ Барыс». «Барыс», «Ақ Барыс» хоккей командасынан бар болғаны бір ұпайға қалып келеді.
«БАРЫС» (Астана) - «ТОРПЕДО» (Нижегород) 4:2 (1:0, 1:1, 2:1)
Астана қаласы, «Қазақстан» спорт кешені. Бас төрешілер: Сергей Беляев, Владимир Букин.
Қапталдағы төрешілер: Иван Назаров, Константин Чубыкин.
Шайбалар: Брэндон Боченикси (Барыс) 17:45 (1:0)Федор Полищук (Барыс) 23:07 (2:0) Хиетанен (Торпедо) 23:53 (2:1) Лакиза (Барыс) 41:35 (3:1) Иммонен (Торпедо) 44:59 (3:2) Бойд (Барыс) 58:50 (4:2)