ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынында екі төреші ауысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада өтетін «Барыс» пен «Куньлунь Ред Стар» командалары арасындағы кездесуге белгіленген екі төрешінің сынама тесті оң нәтижесін көрсетті. Олардың науқасы симптомсыз екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде «Барыс» командасының баспасөз қызметі мәлім етті. Олардың аты-жөні жарияланған жоқ.

Бүгінгі ойында аралас төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді. Мұз айдынында Денис Бондарь мен Владимир Суслов бас қазы болса, Дмитрий Головлёв пен Антон Боряев линиялық шепте төрешілік етеді.

Бұл ойын елорда уақытымен 19.30-да басталады. Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.