НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық «Барыстың» Құрлық хоккей лигасы (ҚХЛ) плей-офф кезеңіндегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚХЛ-дың ресми сайтында мәлім етілгеніндей, 2021-2022 жылғы тұрақты чемпионаттың қалған матчтарын өткізбеу жөнінде шешім қабылданды.
Плей-офф жұптары командалардың жинаған ұпайларының пайызына сәйкес белгіленді. Әр конференциядан қазіргі кезде үздік тұрған сегіз команда жолдама алды.
Батыс конференциясы:
СКА – «Динамо» Минск
«Йокерит» — «Спартак»
ЦСКА — «Локомотив»
«Динамо» М — «Северсталь».
Шығыс конференциясы:
«Металлург» — «Барыс»
«Трактор» — «Нефтехимик»
«Ак Барс» — «Авангард»
«Салават Юлаев» — «Сибирь».
Плей-офф бәсекелері 1 наурызда басталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» кезекті матчы кейінге қалдырылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).