ҚХЛ-дың тағы бір бапкері отставкаға кетті

АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген «Югра» хоккей клубының бас бапкері Сергей Шепелев отставкаға кетті.

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласының хоккей клубы соңғы алты ойында қатарынан жеңілді. Осыған байланысты клуб басшылығы команданың бас бапкері Сергей Шепелевті отставкаға жіберуге шешім қабылдады. Айта кетейік, 19 қыркүйек күні өткен матчта да «Югра» астаналық «Барыс» хоккей клубынан 6:2 есебімен ұтылған болатын. Қазіргі кезде бас бапкердің орнына Олег Давыдов тағайындалды. Сондай-ақ бүгін «Нефтехимик» командасының бас бапкері, «Барысқа» жетекшілік еткен тәжірибелі маман Владимир Крикунов та отставкаға кеткен болатын.

Құрлықтық хоккей лигасының кестесіне сәйкес, «Барыс» пен «Югра» арасындағы келесі ойын 2014 жылы 28 қаңтарда өтеді.