АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасы Гагарин кубогы жартылай финалына шыққан барлық команда анықталды.
Гагарин кубогының ¼ финалы аяқталды. Жартылай финалға «Металлург», «Локомотив», «Трактор» және «Автомобилист» командалары шықты.
Ширек финалда ойындар сериясында «Металлург» «Спартакты» 4:2, «Локомотив» «Авангарда» 4:3 есебімен тізе бүктірді.
Ал ойындар сериясында «Трактор» мәскеулік «Динамоны» 4:0, «Автомобилист» СКА командасын 4:1 есебімен жеңді.
Енді жартылай финалда
Енді жартылай финалда «Локомотив» пен «Трактор», «Металлург» пен «Автомобилист» кездеседі.
Еске салсақ, шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан қыздар құрамасы анықталды.
Бірінші дивизионға жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы Бельгия, Испания, Исландия, Тайбэй және Мексика командаларымен тартысқа түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.