Бұл матч бүгін Астана уақытымен 17:30-да басталады. «Qazsport» телеарнасы ойыннан тікелей трансляция жасайды.
Матч Шанхайдағы 4 800 орындық «Фэйян» стадионында өтеді.
Айта кетейік, қазіргі сәтте «Барыс» шығыста бесінші орында тұр. Андрей Скабелканың командасында 50 ұпай бар. Негізгі уақытта 50 рет қарсыласын тізе бүктірген. Сондай-ақ, овертайм мен буллит кезінде тағы үш-үш реттен жеңіске жеткен. Шайбалар саны - 116:99.