АСТАНА. KAZINFORM — Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатындағы кездесуін бүгін Магнитогорскіде жергілікті «Металлургпен» өткізеді.
Матч Қазақстан уақытымен сағат 18.50-де басталады.
Бұл ойында фаворит «Металлург» екендігі анық. Магнитогорскілік команда 34 ұпаймен Шығыс конференциясында 5-орында тұрса, елордалықтар (21 ұпай) 11-сатыдан жылжыған жоқ.
«Барыс» соңғы үш ойында қатарынан жеңіліс тапқаны белгілі. Дегенмен 20 қарашада «Барыс Арена» стадионында күтпеген жерден «Металлургті» 2:1 есебімен ұтып кеткен болатын. Сол ерлігін қайталай алады ма, оны бүгінгі ойын көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» түзде «Сибирь» командасынан жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).