Чемпионаттың соңында өткен «Барыс» пен «Авангард» арасындағы кездесу Чернышев дивизионындағы жеңіс үшін таласта шешуші мәнге ие болды. Ойын текетіреске толы болды, соның ішіндегі ең есте қалған сәт бірінші кезеңнің аяғында орын алды. Қонақтар қақпасы алдындағы қос команда ойыншыларының қақтығысы Павел Акользин мен Кирилл Петровтің төбелесіне ұласып кетті. Алайда ол «айқас» ұзаққа созылмады. «Барыс» щабуылшысы оң қолымен бір соққы жасап, қарсыласын нокаутқа жіберді», - делінген материалда.