АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы плей-офф сериясы бойынша елордадағы «Қазақстан» спорт сарайының мұз айдынында астаналық «Барыс» Магнитогорскінің «Металлург» командасымен алтыншы рет қатарынан тартысқа түседі.
Естеріңізге сала кетейік, қос команданың бұған дейінгі плей-офф сериясы тұрғысында бес кездесуінің нәтижесі бойынша астаналықтар магниторлықтарды үш рет жеңсе, сәйкесінше қарсыластар 2 кездесуді ұтты.
Айта кетейік, плей-оффтың бұл тартыстарында екі команданың бірі 4 жеңіске ие болуы тиіс. Егер «Барыс» бүгін қарсыласынан басым түскен жағдайда келесі кезеңге өтуге мүмкіндік алады.
Бүгінгі дода Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында сағат 17:00-де басталады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.