АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы плей-офф сериясындағы тартыста астаналық «Барыс» пен магнитогорлық «Металлург» арасындағы соңғы шешуі ойын өтеді.
Атап айтқанда, бұған дейін плей-офф додасында қос команда қатарынан 6 ойын өткізіп, сериядағы есеп 3:3 болды.
Енді қарсыластардың бүгінгі жетінші кездесуінде басым түскен команда Гагарин кубогі жолындағы тартысын жалғастырып, келесі кезеңге аяқ басатын болса, ұтылған команда ойын маусымын аяқтайды.
Бүгінгі ойын сырт айдында, яғни Магнитогорск қаласында өтеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.