Екі матчтық серия Магнитогорскте басталып, 9 және 11 наурыз күндері тартысты ойын болмақ. Одан соң сайыс 13 және 15 наурыз күндері Астанада жалғасын таппақ. Егер 4 ойында жеңімпаз анықталмаса 17 (Магнитогорск), 19 (Астана) және 21 (Магнитогорск) наурыз күндеріне тағы кездесу белгіленеді.
«Металлург» - «Барыс» кездесуінің алғашқы ойыны 9 наурыз күні Магнитогорсктегі «Арена Металлургта» Астана уақытымен 20:00-де басталады.