ҚХЛ: «Сібір»-«Барыс» матчын қайдан көруге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының матчы аясында елордалық «Барыс» Новосібір қаласының «Сібір» командасымен ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

Ойын бүгін Астана уақытымен сағат 18:30-да басталады. Оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Кездесу Новосібір қаласындағы 7420 көрерменге арналған «Сібір» стадионында өтеді.

Атап өтейік, активінде 74 ұпайы бар «Барыс» қазіргі кезде Шығыс конференциясында төртінші орында тұр. Андрей Скабелкидің командасы негізгі ойында 25 рет жеңіске жеткен, овертайм және буллиттер сериясында төрт жеңісі бар, соққан шайбалары - 163:129.