АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан ӘХЛ жұлдыздар матчында хоккейшілер «Қара жорғаны» биледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаңтардың 10-ы күні басталған додада матчтар арасында жанкүйерлерге арналған қызықты ойындар да ұйымдастырылуда. Соның бірі құрлықтық лиганың ең үздік хоккейшілері мұз үстінде «Қара жорға» биін билеуі болды.
Шығыс конфедерация командасының арулары бұл нөмірді қарсыластарының флешмобына жауап ретінде ойлап тауыпты. Құрлықтық лига хоккейшілерінің «Қара жорғаны» билеуі бірінші рет. Қызықты шара әлі 2 күн жалғасады. Алдағы күндері ересек кәсіпқой хоккейшілер арасындағы тартыстар өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.