Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
«Хоргос» шекара бекетінің наряды кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қазақстаннан көршілес Қытай еліне сапар шегіп бара жатқан «Ютонг» жолаушылар автобусын тексеру кезінде жалпы салмағы 4 келіден асатын алтын құймаларды тапты. Барлығы 6 құймадан тұратын алтынның жалпы бағасын есептегенде 30 миллион теңгеден асып түсті.
Автобустың моторына тығылған ат басындай алтын құймалардың иесі 1969 жылы туылған Ма есімді Қытай Халық Республикасының азаматы болып шықты.
Тергеу амалдары жүргізілуде.