Ведомствоның мәлімдемесінде бұл шаралар төрт банкті қолдауға бағытталғаны атап өтілді: Қытай банкі, Қытайдың құрылыс банкі, Қытай коммуникациялар банкі және Қытайдың Пошта-жинақтаушы банкі.
— Қазіргі уақытта Қытайдың ең ірі мемлекеттік коммерциялық банктерінде активтер сапасы тұрақты және ықтимал шығындарды жабу үшін жеткілікті қор бар, — деп хабарлады министрлік.
Бұдан басқа, бұл банктерге нақты экономикаға қызмет ететін негізгі күш ретіндегі рөлін жақсартуға көмектеседі деп күтіліп отыр.
Еске сала кетсек, наурыз айының басында Қытай парламенті 14-ші бесжылдық жоспарын қабылдады.
TikTok желісінің негізін қалаушы тағы да Қытайдың ең бай адамы болды.