«Тарих күш қолдану шиеленісті шешу әдісі емес екендігін және ол жағдайды қиындата түсетіндігін дәлелдеп берді», - деп мәлім етті Ху Цзиньтао «Үлкен жиырмалықтың» қаржы саммитіне қатысу үшін Қытайға келіп жеткен Француз президенті Николя Саркозимен болған кездесуінде.
Синьхуа агенттігі хабарлағандай, Николя Саркози жауап ретінде Франция Ливиядағы дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге тырысқанын мәлім етті.