ҚХР басшысы Пәкістанға 50 млрд. доллардың инвестициялық жоспарын апара жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин екі күндік сапармен Пәкістанға аттанғалы жатыр, онда құны 50 млрд. долларға жуық инвестициялық жобаны ұсынылмақ.

Қытайдың бұл ұсыныстары Пәкістанның созылмалы энергетикалық дағдарысын тоқтатып, елді аймақтық экономикалық орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Би би си.

Жоспардың басты пункті қытайлық-пәкістандақ экономикалық дәліз деп аталып отырған - үш мың шақырымдық автомобиль және теміржолдар құрылысы, сондай-ақ пәкістандық Гвадар кемежайынан Қытайдың батысындағы Қашғар қаласына дейін созылатын құбыр жобасы болып табылады.