ҚХР басшысы Си Цзиньпиньнің тегін XI санына теңеген жаңалық жүргізушісі жұмыстан қуылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда ҚХР төрағасы Си Цзиньпиньнің (Xi Jinping) тегін XI рим санына теңеген жаңалықтардың жүргізушісі жұмыстан шығарылды.

Осылайша оның қателесіп кетуі салдарынан Си Цзиньпинь - «он бірінші» Цзиньпинь болып шыға келген.

Оқиға Doordarshan News арнасының эфирінде орын алған. "DD News жүргізушісі бұл олқылығы үшін жұмыстан шығарылды", - деп жазылды арнаның Twitterдегі парақшасында.

Reuters хабарлағандай, Doordarshan News өкілі жүргізуші өрескел қате жібергендіктен, бірнеше айға эфирден жаңалықты оқудан шеттетілгенін айтқан. Сондай-ақ ол жүргізуші уақытша жұмыс істегенін хабарлады.

Си Цзиньпин Үндістанға ресми сапармен 17 қыркүйекте, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди 64 жылдығын тойлап жатқан шақта келген.