ҚХР-да министрдің бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін 15 жылға сотталды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Тяньцзинь қаласының соты Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрінің бұрынғы орынбасары Ли Дуншэнді мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы орталық қытайлық БАҚ хабарлады.

Ли Дуншэн қызмет бабын басқа тұлғалардың мүддесі үшін пайдаланған. Бұл үшін 21,98 млн. юань (3,3 млн. долларға жуық) сыйақы алған. Қылмыстық іс 2015 жылғы тамызда басталды.