ҚХР-да сирек кездесетін саламандраны жеген шенеуніктер лауазымдарынан шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қытайдағы Шэньчжэнь қаласында бірнеше ресми тұлғалар тергеу уақытында лауазымдарынан шеттетілді, себебі олар қызыл кітапқа кірген үлкен саламандраны ас ретінде пайдаланған, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Southern Metropolis Daily басылымының журналистері атап өткендей, ішінде қалалық полиция басшылығы болған шенеуніктердің бұл әрекетін суретке түсірмекші болған репортерлерге олар соққының астына алған. Сирек кездесетін қос мекендіні тұтынғандардың саны 14 адам деп күдіктелуде.

Өткен жылғы сәуірде Қытай билігі Қызыл кітапқа енген жануарларды өлтіруге және ас ретінде пайдалануға жауапкершілікті қатаңдатқан болатын.