ҚХР-дың оңтүстік-батысында болған жол апатынан 7 адам қаза тауып, 29-ы зардап шекті

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-дың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында тас жолдардың бірінде автобус аударылды.

Салдарынан 7 адам қаза тауып, тағы 29-ы жарақаттанды, деп хабарлады «Синьхуа».

Автобус провинцияның әкімшілік орталығы Куньмин қаласына бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, Наньхуа уезіндегі қоршауға соғылған. Үш адам оқиға орнында көз жұмды, төртеуі ауруханаға апара жатқан кезде ажал құшты.