«Қазір бағам қалыпты, базалық деңгейге қайта оралуда. Егер қандай да бір күтпеген жағдай туындаса да, осы үрдіс сақталады деп ойлаймын», - деді ол. - Жеделдетіп долларды сатып алу қажеттілігі жоқ, - деп атап өтті Чжоу Сяочуань.
Қытай валютасы қытайлық Орталық банкі нарықтық тетіктер рөлін арттыру арқылы айырбас бағамын реформалауды бастайтыны жайлы хабарлағаннан кейін өткен жылғы 11 тамыздан кейін әлсірей бастаған. Осыдан кейін юань үш күн ішінде долларына 6,40-қа дейін - 4,6 пайызға құнсызданған. Бұдан кейін қарашада қытай валютасы нығайып, 2 қарашада үшжылдық максимум - 1 долларға 6, 3154-ке жетті, алайда бағам қайта түсе бастады: осы жылғы 7 қаңтарда бағам алғаш рет 2011 жылғы наурыздан бастап, долларына 6,5646 белгісіне дейін төмендеді.