«Қытай сыртқа заңсыз шығарылған қаражатты қайтару мен қашқындарды ұстаудың халықаралық тәжірибесін пайдаланбақ. Мәселен, АҚШ көмек көрсету үшін мұндай қаражаттың 80%-5а дейінгі үлесін сұрады. Өткен жылы ҚХР Канадамен тиісті келісімге қол қойды», - деді ол аталған басылымға берген сұхбатында.
Қытайлық сарапшының сөзіне қарағанда, Бейжің шамамен 40 мемлекетпен экстрадиция туралы келісімге қол қойды. Оған Батыс елдері кірмейді. Интерполдың іздеу парақшаларында 160 қытай азаматы, соның ішінде Хэбей провинциясының бұрынғы басшысы Чэн Вэйгаоның ұлы Чэн Муян бар. 2006 жылы Қытай банкінің Кайпин қаласындағы бөлімінің бұрынғы басшысы Юй Чжэньдун АҚШ-тан қайтарылған соң 12 жылға сотталған. Оны экстрадициялау үшін қытай билігі жазбаша түрде оны өлім жазасына кеспеуге, ал әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғамауға уәде берген.