ҚХР Мемкеңесінің вице-премьері Қазақстан мен Түрікменстанға сапарлайды
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсян Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық комитетінің 11-ші отырысына қатысу үшін Қазақстанға сапарлайды. Бұл туралы бүгін брифинг кезінде ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин мәлім етті. Kazinform меншікті тілшісі бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, ҚКП Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсян 26-30 қараша күндері Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық комитетінің 11-ші отырысына, сондай-ақ Түрікменстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің 6-шы отырысына қатысу үшін Қазақстан мен Түрікменстанға барады.
Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитеті 2004 жылы құрылған. Оның отырыстары екі ел үкімет басшылары орынбасарларының төрағалық етуімен өтеді. Комитеттің 10-шы отырысы 2021 жылдың қараша айында бейнеконференция режимінде өтті.