Бұл туралы бүгін Бейжіңде Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысы 11-шақырылымының 4-сессиясының аяқталуынан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао мәлімдеді.
Қытай премьерінің айтуынша, орталық үкімет жергілікті билік өкілдерінің жылжымайтын мүліктің бағасына бақылау жасау және оны реттеу шараларын жүзеге асыруды күшейтуіне, сонымен қатар отандық жылжымайтын мүлік рыногының даму жағдайын сараптамадан өткізіп, мұқият қадағалап отырып, макрореттеудің тиісті шараларын қолға алуы тиіс. Ал жергілікті билік өкілдері жылжымайтын мүлік рыногына бақылауды жүзеге асыруды өз деңгейінде жүзеге асырғаны абзал.
Вэнь Цзябао 2011 және 2012 жылы Қытайда халықтың аз қамтылған бөліктеріне 10 млн. пәтер салынатынын хабарлады. Осы арқылы алдағы бес жыл ішінде елде осы секілді 36 млн. пәтер пайдалануға беріледі. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін үстіміздегі жылы орталық үкімет уәлаяттарға жалпы сомасы 103 млрд. юаньға (15,6 млрд. АҚШ доллары) субсидия бөледі, сонымен қатар осы мақсатта жергілікті бюджеттерден ақша бөлуді арттыру да жоспарланып отыр.