Жүздесушілер Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері, оның ішінде парламентаралық байланыстар туралы пікір алмасты.
«ҚХР-мен тату көршілестік қатынастарды нығайту Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі болып табылады», - деді Қ.Тоқаев. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы биылғы қыркүйек айында Астанада болған келіссөздерінің барысында қол жеткен келісімдердердің стратегиялық маңызы атап өтілді.