«Бір белдеу, бір жол» бастамасын одан ары дамытуды қолдау үшін бірлескен консультациялар, бірлескен құрылыс пен бірігіп пайдалану «алтын ереже» саналады. Бұл ережелер бастама аясындағы ынтымақтастықтың теңқұқылы, ашық және жалпыға қолжетімді сипатын айқындап берді. Бұл жобалаудан бастап жобаларды жүзеге асыруға дейінгі ынтымақтастықтың барлық процесінде бастамаға қатысушылар бірлескен консультациялар негізінде жұмыс істейді дегенді білдіреді. Барлық қатысушылардың құқығы бірдей, көлеңкелі операцияларға орын жоқ, барлығы да ашық әрі айқын жүреді, өзгеге зиян келтіре отырып, бір тараптың ұтысқа шығуына жол берілмейді. Барлығы да өзара тиімділік пен жалпыға ортақ пайда қағидатын басшылыққа алады», - деді ол баспасөз конференциясы барысында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі тілшісінің алдағы жылда «Бір белдеу, бір жол» стратегиясының келешегіне қатысты сауалына жауап бере келе.
Сонымен қатар, ол «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыру барысында халықаралық ережелер мен нарықтық ұстанымдар сақталатындығын баса айтты.
«Өткен жылы «Бір белдеу, бір жол» аясындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша Жоғары деңгейдегі форумда жарияланған бірлескен коммюникеде жария уағдаластық болды. Онда ынтымақтастықтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін экономика, қоғам, қаржы және қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасты реттеуге айрықша назар аударылған», - деді ҚХР Сыртқы істер министрі.