Ішкі Моңғолия соты 15 желтоқсанда Хуугжилт (Huugjilt) есімді ер адамды ақтап шығып, ата-анасынан кешірім сұрады.
1996 жылдың сәуір айында танысымен бірге жүрген Хуугжилт Хух-Хото қаласындағы қоғамдық дәретханалардың бірінен әйел адамның мүрдесін тауып, бұл туралы полицияға хабарлаған. Сол жылдың мамырында сот ол кезде 18 жастағы жігітті адам өлтірді деп айыптаған. Жас азамат өлім жазасына кесілді, сот үкімі 1996 жылдың маусымында орындалды. 2005 жылы тәртіп сақшылары бұл әйелді өлтіргенін мойындаған ер адамды ұстаған. 2014 жылдың қараша айында сот Хуугжилттің ісін қайта қарауға кірісті.