Бо Силай сот процесінің барысында өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, жоғарғы сотқа шағым түсірді.
Биылғы жылдың тамыз айында өткен сот процесі барысында оның 22,44 млн. юань көлемінде пара алғаны, мемлекеттік қордан 5 млн.юань ұрлағаны, британ азаматының өліміне байланысты билікті асыра пайдаланғаны дәлелденген болатын.
Сот шешіміне сәйкес, Бо Силай саяси құқықтарынан өмір бойына айырылып, оның жеке активтері тәркіленді.