Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
12:02, 30 Маусым 2024
АСТАНА. KAZINFORM - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Биылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады», — делінген хабарламада.