ҚХР Төрағасының мақаласы бүгін «Казахстанская правда» газетінде жарияланды.
«Осы алтын күзде мен тату көршіміз Қазақстанға Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шақыруымен мемлекеттік сапармен барамын. Бес жылдан кейін тағы да, төртінші рет, шексіз даласымен, керемет тауларымен және өзендерімен, өте қонақжай халқымен танымал болған елге келемін. Мен алдағы сапарға үлкен үміт артамын», - деп жазды Си Цзиньпин.
ҚХР Төрағасы атап өткендей, Қытай мен Қазақстан – ортақ таулармен және өзендермен байланысқан тату көршілер, адал достар және сенімді серіктестер.
«Биыл Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Біздің елдеріміз үлкен жолды еңсерді, өзара қолдау мен көмек қағидатынан ешқашан ауытқымады. Қытай мен Қазақстан алмасу мен ынтымақтастықты қарқынды дамыта отырып, тату көршілік қарым-қатынастарды дамыту мен қатар өмір сүрудің лайықты үлгісін көрсетті», - деп есептейді ол.
Сонымен бірге ҚХР Төрағасының пікірінше, арада өткен 30 жыл Қытай мен Қазақстан қатынастарының серпінді даму кезеңі болды.
«Тату көршілік пен достықтан стратегиялық әріптестікке, мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікке дейін біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз тарихи серпіліс жасауда және сапалы жаңа, бірегей коннотацияларға ие болуда – бұл өзара құрметке, тату көршілікке және достыққа, өзара көмек пен жеңістерге негізделген жаңа типтегі мемлекетаралық қатынастар. Біздің елдеріміз мемлекеттік егемендікке, қауіпсіздікке және аумақтық тұтастыққа қатысты негізгі мәселелер бойынша үнемі өзара қолдау көрсетеді, ұлттық болмысқа сәйкес дербес таңдалған бір-бірінің даму жолын құрметтейді, екінші тараптың мемлекеттік дамудағы және ұлттық қайта жаңғырудағы жаңа жетістіктерін қолдайды. Қытай мен Қазақстан – сенімді достар және серіктестер, біздің халықтарымыз әрқашан бір-бірінің қасында болады», - деп атап өтті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин.
Фото: www.wykop.pl