Қытай Халық Республикасы Төрағасының сапарындағы негізгі іс-шаралар 9-10 қыркүйекке жоспарланған.
Сапар барысында И. Каримов пен С. Цзиньпин өзбек-қытай көпжақты үнқатысуын одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды, өзара қызығушылық тудыратын аймақтық және халықаралық маңыздағы проблемалар бойынша пікір алмасады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың ұзақмерзімді перспективалары мен басым бағыттарын айқындайтын маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.