«Таяу екі айдың ішінде біздің Мемлекет басшыларымыздың кездесуі өтеді деп көзделген. Сіздердің Президенттеріңіз мамыр айының ортасына қарай Қытайға келеді, онда ол «Бір белдеу - бір жол» атты халықаралық форумның жұмысына қатысады. Төраға Си Цзиньпин маусым айының басында Астанаға сапарлап, ШЫҰ саммитіне және ЭКСПО-ға қатысады. Сондықтан олардың арасында өте маңызды кездесулер өтеді», - деді Чжан Гаоли.
Еске сала кетейік, бұның алдында ҚХР Төрағасы Астанадағы ЭКСПО көрмесіне қатысатындығы туралы хабарланған болатын.
ҚХР Вице-Премьері Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың сәтті дамуына да тоқталды. Қазіргі уақытта 3 жоба іске қосылды, 5 жоба құрылыс үстінде, тағы 10 жоба жақын арада пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Индустриаландыру бойынша бірлескен қор құрылды, мақсатты несие қаражаты бөлінді.