ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келді. Астана әуежайында мәртебелі мейманды және оның зайыбы Пэн Лиюаньді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қарсы алды.

Қазақстан және Қытай көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин 2015 жылғы ҚР Президентін кезектен тыс сайлаудан кейін Ақордада алғашқы кездесуін өткізеді.