ҚХР: Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-ға кіруі олардың ара-қатынастарын жақсарта түсуге септігін тигізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан мен Пәкістанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруі ұйымның толыққанды мүшесі ретінде екі елдің арасындағы қатынастарды жақсартуға жәрдемдеседі, - деп мәлімдеді ҚХР СІМ басшысының орынбасары Чэн Гопин.

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Башқұртстан Республикасының астанасы 8-10 шілдеде ШЫҰ мен БРИКС халықаралық саммиттерін қабылдайды. Биыл Ресей осы екі ұйымға төрағалық етуде. ШЫҰ саммитінде ұйымды кеңейту басталатыны жайлы хабарлайды деп күтілуде. Бүгінде ШЫҰ-ға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді. Бақылаушы мәртебесіне Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан, Ауғанстан ие. 2014 жылғы қыркүйекте Пәкістан мен Үндістан ШЫҰ-ға кіруге ресми өтінім білдірді.

«Елдер арасында келіспеушілік бар екені белгілі. Мұның тарихи себептері де бар. Алайда бұл олардың арасындағы достық қатынастардың дамуына кедергі болып табылмайды. Екі елдің ШЫҰ-ға тартылуы ұйымның жақсаруына ғана емес, сонымен бірге екі ел арасындағы достық қатынастардың орнауына септігі тиеді», - деді ҚХР Си Цзиньпиннің ШЫҰ мен БРИКС саммиттеріне қатысуына арналған арнайы брифингте Чэн Гопин.

Үндістан мен Пәкістанның арасында Пәкістан тәуелсіздік алған 1947 жылдан бері шиеленіс сақталуда.