БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР Коммунистік партиясы Орталық комитетінің саяси бюро мүшесі Ван Ян 13-шақырылымдағы Қытайдың халықтық саяси консультативтік кеңесі бүкілқытайлық комитетінің (ҚХСКК БК) төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Бейжіңнен.
ҚХСКК 1-сессиясының 4-пленарлық отырысына қатысып отырған 2144 делегат бірауыздан оның кандидаттығына дауыс берді.
Ван Ян Қытайдың халықтық саяси консультативтік кеңесі бүкілқытайлық комитетінің төрағасы болып сайланғанға дейін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері қызметін атқарған.
Айта кетейік, ҚХСКК - ҚХР билігі жүйесіндегі кеңесші орган.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.