КІА Ресейде құрастырылып келген көліктерінің бірсыпырасын Қазақстанда шығармақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - KІА Forte автокөліктерінің 2014 жылғы үлгісінде ақау шығуына байланысты машиналардың 87 мың данасы кері қайтарылатын болды.Оңтүстіккореялық көлік өндіруші компания осындай шешім шығарды.

Сондай-ақ, 24.kz хабарлауынша, KІА Motors Ресейдегі өніміне байланысты да маңызды қадамға барып отыр. Компания былтырғы жылдың соңғы ширегінде рубльдің құлдырауынан 2 есе шығынға батқан.

KІА Motors АҚШ нарығында да біраз шығынға ұшырады. Сол себепті енді компания Ресей жерінде жиналатын автокөліктерін Қазақстан, Беларусь, Балтық, Кавказ және Шығыс Еуропа елдеріне шығаруды ұйғарып отыр.