"Киберқауіпсіздікпен айналысатын еншілес "Бизон" компаниямыз қазақстандық нарықта да белсенді жұмыс істеп жатыр. Ол "Қазақтелеком" компаниясымен жан-жақты ынтымақтастықты жолға қойған. Компания шешім қабылдады. Яғни, Директорлар кеңесі барлық алғышартты, қабылданған құжаттарды, инвесторларға ұсынылған мүмкіншіліктерді зерделеп шығып, қыркүйек айында "Астана" халықаралық қаржы орталығында өзінің кеңсесін ашатын болады",- деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта компания АХҚО-да нақты орналасу үшін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Меніңше, инвесторлар дәл осы орталықта болу үшін алғашқы қадамдарын жасап, жұмыстарын бастаулары қажет", - деді Герман Греф.