«Банк жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігі ел экономикасының орнықтылығын қамтамасыз ететін жүйе құраушы фактор болып табылады. Киберқауіптердің өршуіне байланысты банк клиенттері, олардың шоттарының жай-күйі және түрлі қаржылық операцияларды жүргізу туралы конфиденциалды ақпаратты қамтитын жүйелерді қорғауды күшейту қажеттілігі артып келеді», - делінген агенттік хабарламасында.
Аталған қаулымен қабылданған өзгерістер екінші деңгейдегі банктерге олардың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қойылатын қолданыстағы талаптарды күшейтеді.