1977 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облыстық жерге орналастыру бөлімінде инженер-жерге орналастырушы болып бастаған.
2004-2010 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің аппараты Жер ресурстары басқармасында жерге орналастыру бойынша бас маман, бөлім бастығы және бас инспектор болып жұмыс істеді.
2010-2011 жылдары — Маңғыстау облысы Басқұдық ауылдық округінің әкімі.
2011-2023 жылдары — Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі.
2023-2024 жылдары — ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы.