«Киелі Қазақстан» салт аттылар экспедициясы мәресіне жетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Киелі Қазақстан» экспедициясы толығымен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Қоғамдық бірлестік таратқан мәліметтерге қарағанда, экспедиция екі бөлімнен тұрды. Бірінші бағыт21-29-маусым аралығында Сарыарқа бойымен жүзеге асты. Нұр-Сұлтан қаласынаншыққан топ Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Бұйратау, Баянауыл ұлттықпарктерін басып өтті. Салт аттылар тәулігіне 50-60 шақырымды еңсеріп отырды.

Экспедицияның толық жүріп өткен жолдары: Нұр-Сұлтан –Қарағайлы археологиялық кешені – Соколиныегоры (Бұйратау ҰТП) – Едіге би кесенесі – Алғабас ауылы – Белодымовский кордон,Қараағаш (БұйратауҰТП ) – Әлкей Марғұлан ауылы – Қарабұлақ ауылы – Мұса Шорманұлыауылы – Бұқар Жырау кесенесі – Жаңатілек ауылы– Жаяу Мұса кесенесі –Баянауыл ауылы– Жасыбай көлі, С.Торайғыров кесенесі,Қоңыр әулие (Баянауыл ҰТП) – Нұр-Сұлтан қаласы.

Ал екінші бағыт Алматы облысы бойынша жүзеге асып, 1-шілдеде басталды. 25 салт аттыдан құралған топ 12 күнде 150шақырымды атпен, 850 шақырымды көлікпен жүріп өтті. Қатысушылар Алматыоблысының өзендері мен тауларын, шатқалдары мен асуларын бағындырды.

Сондай-ақ олар Алматы облысының өзендері мен тауларын, шатқалдары менасуларынан, атап айтқанда, Ыссық, Аюлы сарқырамасы, Түрген өзені, Шыңтүргеншыршалары, Қайрақ сарқырамасы, Ой-Қарағай шатқалы сияқты бағыттармен өтті. Экспедициялықтоп Дон-Жайлау шатқалы, Ассы үстірті, Қара-Арша шатқалы мен Аманжол шатқалы менасуына жаңа салт атты бағдарларға жол ашты. Экспедицияның соңғы нүктесі бүгінҚайыңды өзені болды.

«Киелі Қазақстан 2019» экспедициясының бағыты Алматы облысықонақтарының көңілінен шығары сөзсіз. Дәл қазір айта алатыным, салт аттылартуры 3 күнге созыла алады. Қонақтарға Көлсай көлдері, Қайыңды және Түргеншатқалы қызықты болады. Үстірт, жайлауы және асулар фотографтар үшін таптырмасорын болады», - деп экспедиция мүшесі және туроператор Ирина Жаркова өз ойыменбөлісті.

Экспедиция бағдары келесі нысандарды қамтыды: Алматы қаласы – «Есік» тарихи-мәдениқорық мұражайы – Аюлы сарқырамасы – Түрген өзені – Шыңтүргеннің қыналышыршалары – Қайрақ сарқырамасы – Ой-Қарағай шатқалы – Дон-Жайлау шатқалы – Ассыүстірті – Асы обсерваториясы – Қара-Арша шатқалы – Қызылауыз асуы – Жіңішкеөзені – Аманжол үстірті – Шелек өзені – Бірінші Көлсай көлі – Екінші Көлсайкөлі – Қайыңды көлі – Алматы қаласы.

Экспедицияның мақсаты — атқа міну мәдениетін насихаттап, Қазақстандаатты туризмді дамыту. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлыдаланың жеті қыры» мақаласындағы атқа міну мәдениетін жаңғыртуға елеулі үлесқосады.

Шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты туризм индустриясыКомитетінің бастауымен жүзеге асты. Ұйымдастырушысы - «Kazakh Tourism» ҰК,Сарыарқа бағыты бойынша маршрутты жасап және экспедицияны өткізген - «QazaqGeography»РҚБ.

Соңғы жаңалықтар