Киелі Түркістан жерінде Наурызға орай командалық көкпар ұйымдастырылды
17:35, 23 Наурыз 2013
АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Киелі Түркістанда бес команда үш мың доллар үшін командалық көкпарда таласқа түсті. Түлкібастың шабандоздары қоржындарына кезекті алтын алқаны салды, деп хабарлайды BAQ.kz Отырар ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Жеңімпаздар қаржылай сыйақыны иеленіп, Түлкібастың шабандоздары үш мың АҚШ долларына ие болды. Басты мақсат жеңіс емес, «Наурыз» мейрамын атап өту. Трибуна жоқ болса да атшабарға жиналғандардың қатары аз болмады. Сайрамның шабандоздары жүлделі болу үшін түркістандықтармен таласты. Алғаш рет киелі Түркістанның атшабарында командалық көкпар өтті.