Кейбір супермаркеттердің қызметкерлері бүгін азық-түлік өнімдерінің болмайтынын айтып отыр. Халық қаладағы банкоматтарда ұзын-сонар кезекте тұр. Бұған дейін бірқатар банктер киевтік бөлімшелерінің жабылғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Оның ішінде, «ПриватБанк» бөлімшелерінің қызметкерлері қақтығыс жүріп жатқан аймақтардағы банкоматтардан ақшаларын алып кеткен.
Сондай-ақ жанар-жағармай құю стансаларында көлік кептілісі орын алған. Кейбір бекеттерде жанар-жағармай таусылып, стансалардың жұмысы тоқтатылды.
Бұған дейін Украинаның Энергетика және көмір өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Эдуард Ставицкий «жанар-жағармай бекеттерінде отын тапшылығы болмайды, Киевке отын жеткізу бұрынғы кестемен жүргізіліп отыр» деп мәлімдеген болатын.
Банкаралық валюта қорындағы сауда гривен бағамының төмендеуіне байланысты тоқтатылды. Бұған қоса, Киев метросы жартылай жұмыс істей бастады. Бүгін «Арсенальная» стансасынан «Пошта алаңы» стансасына дейінгі аралықтағы метроның жұмысы тоқтатылған болатын.